11 қыркүйек 2020 | 18:47

Грузияда оқу жылының басталуы 1 қазанға шегерілді

Фото:mes.gov.ge

Грузия билігі елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты ірі қалалардағы мектептер мен университеттерде оқу жылының басталуын 1 қазанға шегерді. Бұл туралы премьер-министр Георгий Гахария жұмадағы брифингте айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Грузия билігі елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты ірі қалалардағы мектептер мен университеттерде оқу жылының басталуын 1 қазанға шегерді. Бұл туралы премьер-министр Георгий Гахария жұмадағы брифингте айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Грузияда соңғы аптада күн сайын коронавирус жұқтырғандар санының өсімі байқалған. Сабақ 15 қыркүйекте басталуы керек еді.

Реклама
Реклама

"Тбилиси, Гори, Рустави, Кутаиси, Зугдиди және Потиде оқу процесі тағы екі аптаға шегерілді. Бұл қалаларда мектептер мен университеттердегі оқу процесі 1 қазаннан басталады", - деді премьер-министр.

Гахарияның айтуынша, бұл уақыт ел билігіне эпидемиологтармен бірге қауіпті дұрыс бағалау үшін қажет, содан кейін қосымша шешімдер қабылданады.

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын. ДДҰ-ның соңғы деректері бойынша, әлемде 26,7 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, 876 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная