Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркеді Фото:depositphotos.com

Қазақстан сейсмологтары 20 мамырға қараған түні Өзбекстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан сейсмологтары 20 мамырға қараған түні Өзбекстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығының сайтында хабарланды.

Жедел ақпаратқа сәйкес, 20 мамыр күні Астана уақытымен сағат 01:40-та (Гринвич бойынша 19 мамыр сағат 20:40-та) Өзбекстанда жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 40,33 градусы және шығыс бойлықтың 63,03 градусы. Магнитудасы mb=5,6. Энергетикалық класы K=13,5.

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан ТЖМ деректері бойынша, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,3-ті құрады. Жер сілкінісінің эпицентрі Бұхара облысының Қаракөл ауданында 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші Бұхара облысында 3–4 балға, Науи облысында 2–3 балға жетті. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық оңтүстік-батыс бағытында 527 шақырымды құрады.

Өткен аптада қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас аймағында, сондай-ақ ҚХР аумағында магнитудасы 4,8 және 4,5 болатын екі жер сілкінісін тіркеді. Толығырақ - материалда.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама