08 сәуір 2014 17:22

КСРО-ның ыдырауын заңсыз деп табу туралы арыз қаралмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ресей Федерациясының Жоғарғы соты КСРО-ның құлауын заңсыз деп тануды талап еткен Тольятти тұрғынының арызын қараудан бас тартты, - деп хабарлайды "ЭХО Москвы" радиосы. 


Ресей Федерациясының Жоғарғы соты КСРО-ның құлауын заңсыз деп тануды талап еткен Тольятти тұрғынының арызын қараудан бас тартты, - деп хабарлайды "ЭХО Москвы" радиосы. 

Енді Тольятти қаласының тұрғыны Дмитрий Третьяков Ресейдің Конституциялық және Жоғарғы соттарының өз арызын қараудан бас тартқанын алға тартып, халықаралық сот төрелігіне жүгінгелі отыр. 

Hronika.info порталының хабарлауынша, Третьяков КСРО құрамынан шығу туралы шешім референдум негізінде қабылдануы керек еді деп есептейді. Оның айтуынша, Беловеж келісімі конституциялық нормаларды аяқасты ете отырып жасалған.

Еске салайық, КСРО 1991 жылдың соңында құлады. Одақ құрамындағы 15 республика өз алдына дербестік алды. Ресей, Беларусь пен Украина ТМД-ның негізін қалады. Кейін оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан енді. Ең соңғы болып, Молдова мен Грузия қосылған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети