Қырғызстан соты Қамшыбек Тәшиевке қатысты үкімді түсіндірді

Қырғызстан соты Қамшыбек Тәшиевке қатысты үкімді түсіндірді Фото: 24.kg

Бішкектің Бірінші май аудандық соты Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев фигурант болған "75-тің хаты" деп аталатын іс бойынша үкімге түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Тәшиев кінәлі деп танылды, бірақ колонияға жіберілмейді

Іс "75-тің хаты" деп аталатын - бір топ саясаткер мен қоғам қайраткерінің кезектен тыс президент сайлауын өткізуге шақырған үндеуіне байланысты өрбіген. Сотталушылар орындығында Тәшиевтен бөлек депутат Құрманқұл Зұлышев, Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Тұрғанбекұлы, сондай-ақ қамауға алынған бес саясаткер: Бекболат Талгарбеков, Эмильбек Ұзақбаев, Аалы Қарашев, Құрманбек Дыйқанбаев және Құрсан Асанов болды.

Жарнама
Жарнама

Сот барлық айыпталушыны "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша ақтады.

Мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру

"Билікті күшпен басып алу" бабы бойынша Тәшиев пен істің басқа да фигуранттары кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тағайындалған мерзімге қарамастан, сот сотталғандарды жазасын өтеуден босатып, оны үш жылдық пробациялық бақылаумен алмастырды. Осылайша, Тәшиев пен істің өзге қатысушылары нақты түрме жазасын өтемейді.

Сот неліктен мерзімді пробацияға ауыстырды?

Соттың түсіндіруінше, мұндай шешім тағылған қылмыстың соңына дейін жеткізілмей, дайындық кезеңінде қалуына байланысты қабылданған. Сонымен қатар сот қылмыстық ниеттің іске асу деңгейі мен сотталушылардың тұлғасын ескере отырып, оларды қоғамнан оқшауламай-ақ түзеуге болады деген қорытындыға келді.

Сот пробациялық бақылау қылмыстық жауаптылықтан босатуды білдірмейтінін, бұл орындалуын пробация органдары қадағалайтын қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы екенін атап өтті.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама