Қырғызстанда банкоматтар қызметі тоқтатылды

Қырғызстанда банкоматтар қызметі тоқтатылды Фото: 24.kg

Қырғызстан банктер одағының президенті Анвар Абдраев банкоматтардағы барлық қаражат шығарылатынын және машиналардың жұмыс істемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қырғызстан банктер одағының президенті Анвар Абдраев банкоматтардағы барлық қаражат шығарылатынын және машиналардың жұмыс істемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін операциялар жасамау үшін банкоматтардан қаражаттар шешіп алынды, машиналар жұмысы тоқтатылды. 2005 және 2010 жылдардағы тәжірибені білесіз, сол оқиғаларда жекелеген адамдардың банкоматтарды бұзу, тонау секілді жағымсыз әрекеттері болған. Осы қайғылы тәжірибеге сүйене отырып, осындай шешім қабылданды", - деп келтірді Sputnik Қырғызстан Абдраевтың сөзін.

Ол сәрсенбіде коммерциялық банктер мен банкоматтар жұмысы қайта басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін елдің Қаржы министрлігі ведомство арқылы жасалатын барлық қаржылық операция тоқтатылғанын хабарлаған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама