Қырғызстанда қайғылы жағдай қайталанды: қазақстандықтар 8 жастағы баланы іздеуге қосылды

Қырғызстанда қайғылы жағдай қайталанды: қазақстандықтар 8 жастағы баланы іздеуге қосылды Бейнеден алынған кадрлар

Қазақстандықтар Қырғызстандағы Кегеті шатқалында көлік өзенге құлағаннан кейін ағыспен ағып кеткен 6 жасар баланы іздеуге қосылды. Оны іздестіру жұмыстарының жүріп жатқанына төртінші тәулік болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Қырғызстандағы Кегеті шатқалында көлік өзенге құлағаннан кейін ағыспен ағып кеткен 6 жасар баланы іздеуге қосылды. Оны іздестіру жұмыстарының жүріп жатқанына төртінші тәулік болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қырғыз БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Жүздеген адам, соның ішінде қазақстандықтар, осыдан бірнеше күн бұрын Қырғызстандағы тау өзенінің ағысымен ағып кеткен 6 жасар баланы іздеуге атсалысып жатыр.

Баланы іздеуге Ресейден де еріктілер келген.

Жарнама
Жарнама

23 маусымда Қырғызстандағы Кегеті шатқалында ішінде екі отбасы бар автокөлік өзенге құлаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте екі әйел мен бес бала болған. Әйелдер мен үш бала шығып үлгерген, алайда 12 жасар қыз бен 6 жасар баланы ағыс алып кеткен. Қыздың денесі табылды. Баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздеу жұмыстарын тау өзенінің қатты ағысы қиындатып отыр. Құтқарушылар баланы табу үмітімен өзен арнасын, жағалау аймақтарын және жетуі қиын жерлерді тексеріп жатыр.

Қырғызстан ТЖМ ақпараты бойынша, іздеуге құтқарушылар, милиция қызметкерлері және еріктілер қатысып жатыр.

Осыған ұқсас қайғылы жағдай жақында Ингушетияда да болды. Онда да өзеннің қатты ағысы алып кеткен 8 жасар баланы ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілген еді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама