14 желтоқсан 2021 | 10:40

Қырғызстанның экс-президенті Ақаев Бішкекке оралды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©РИА Новости

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым дереккөздеріне сәйкес, Мәскеуден келген борт Манас әуежайына 14 желтоқсанда таңертең 4.40-та қонған. Асқар Ақаев туған жеріне ұлы Іліммен бірге ұшып келген.

"Бұрынғы президент "Құмтор" ісі бойынша жауап алуға шақырыла ма, әлі белгісіз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құмтор - Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Бішкектен 350 шақырым жерде орналасқан Орта Азиядағы ең ірі биік таулы алтын кен орны. Тянь-Шань тау жүйесінде, теңіз деңгейінен 4000 метр биікте орналасқан Құмтор - әлемдегі екінші биік таулы алтын кен кәсіпорны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная