Назарбаев ТМД-ның жаңа тұжырымдамасын жасауды ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Сіздердің бәріңіз шешкендей, төрағалық Қазақстанға өтеді. Біз сабақтастық тәртібімен бұл бағытта одан әрі жұмыс істейтін боламыз. Мемлекет басшыларымен ақылдасып, ТМД-ны дамытудың жаңа тұжырымдамасы туралы, ары қарай қалай жұмыс істейтінімізді келісуге болады, бұл құжатты ТМД-ның 25 жылдығына әзірлеу керек. Қазақстан оны жасап, сіздермен кеңесетін болады", - деді Президент Минскіде өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында. 

Нұрсұлтан Назарбаев елдер сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және еркін сауда аймағы шеңберіндегі жұмысты жалғастыратынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан өзінің ТМД-ға төрағалығы барысында көлік-транзит, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік қауіпсіздігі, гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне көңіл бөледі. 

Реклама
Реклама

"Біз сіздермен кеңесе отырып, теңдестірілген жұмыс істейтін боламыз деп ойлаймын", - деді Назарбаев. Ол ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2015 жылдың төртінші тоқсанында өтуі мүмкін екенін айтты. 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама