28 тамыз 2020 | 10:02

"Өкінішті, 41 жоқ па?". Ресейлік блогер Өзбекстан шекарасындағы оқиғаны еске алды

©РИА Новости

Өзбекстан мемлекеттік кеден комитеті (МКК) ресейлік блогер Илья Варламовтың қазақ-өзбек шекарасынан өту туралы айтқан әңгімесіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Podrobno.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан мемлекеттік кеден комитеті (МКК) ресейлік блогер Илья Варламовтың қазақ-өзбек шекарасынан өту туралы айтқан әңгімесіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Podrobno.uz.

25 тамызда әлеуметтік желілерде жарияланған видеода блогер шамамен 10 жыл бұрын болған жағдайды есіне алған, сол кезде өзбек шекарашысы ресейліктің заттарын ақтарып, өзіне не алып қалуға болатынын іздеген.

Реклама
Реклама

"Мен Қазақстаннан кетіп, Өзбекстан шекарасына өткенде, өзбектер жүксалғышты ашып, менің чемоданымды тексере бастады. Шекарашы кроссовкаларды шығарып, өлшемі қандай екенін сұрады. Мен 43 деп жауап беремін. Ол "Өкінішті, 41 жоқ па?" деп сұрады. Яғни, әлгі жігіт дүкенде жүргендей зат іздей бастады. Осыдан кейін ол чемодандағы темекілерді тауып алды да, оларды алып қалды. Менде 41-өлшемдегі кроссовкалардың болғаны қандай жақсы, әйтпесе оны да алып кетер еді", - деді Варламов.

Мемлекеттік кеден комитетінің өкілдері Варламовтың соңғы бес жылда Қазақстан арқылы Өзбекстан шекарасына өтпегенін айтты. Комитеттің мәліметінше, блогер 2020 жылы 9 ақпанда Ресейден тіке рейс арқылы Өзбекстанға ұшып барған, әрі қарай Тәжікстанға кеткен. Сол кезде кеден қызметінің өкілдерімен ешқандай мәселе болмады, дейді МКК өкілдері. 

Артынша Илья Варламов Өзбекстан мемлекеттік кеден комитетіне жауап берді: "Құрметті Өзбекстан кеден комитеті, сіздерде бәрі жақсы ма?" ... Бұл 10 жыл бұрын болған оқиға, қазіргі уақытта кеден жұмысы жақсарғанына сенімдімін".

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная