Славянскіде үш адам қаза тапты

Славянскіде үш адам қаза тапты ©REUTERS

Украинаның Славянск қаласында күш қолдану операциясы кезінде үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "РИА Новости".

Наразылық білдірушілер өз қатарларынан бір адамның және "Правый сектор" мүшелерінен екі адамның қайтыс болғанын хабарлаған. Тағы бірнеше адам жарақат алған.

Бұған дейін Славянскіге "Правый сектор" радикал қозғалысының 150 жауынгері келгені хабарланған болатын. Украина ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Арсен Аваков арнайы қызметтің бір адамының қайтыс болып, тағы бес қызметкердің жарақат алғанын айтқан еді. Ол, сондай-ақ, қалада антитеррористік операцияның басталғанын хабарлады. 

Реклама
Реклама

Бұл уақытта Харьковте де Украинаның федерализациялануын қолдаушылардың митингі жалғасып жатыр. Мұның алдында Донецк облысының бірнеше қаласында Ресейді жақтаушы белсенділер әкімшілік ғимараттарды басып алды. Енакиево қаласында қала кеңесі мен милиция бөлімшесінің ғимараты наразылық білдірушілердің қолына өтті.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама