28 қаңтар 2022 11:23

Тәжікстан ҰҚК өкілі Қырғызстанмен шекарадағы қақтығыста қаза тапқандар туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өкілі Қырғызстанмен шекарадағы қақтығыста қаза тапқандар мен жараланғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өкілі Қырғызстанмен шекарадағы қақтығыста қаза тапқандар мен жараланғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер

Ховар ұлттық ақпарат агенттігінің мәліметінше, шекарадағы қақтығыс салдарынан тәжік тарапынан 10 адам жарақат алды, оның алтауы әскери қызметші және төртеуі қарапайым халық.

Реклама
Реклама

"Тәжікстанның екі азаматы қаза тапты. Ходжаи Аъло ауылының тұрғыны өз ауласында қырғыз әскери қызметшілері атқан миномет снаряды салдарынан қаза тапты. Исфара қалалық ауруханасының алғашқы медициналық көмек бөлімінің жүргізушісі Ходжаи Аъло ауылының бейбіт тұрғындарын миномет жарылғанынан құтқару барысында қайтыс болды", - деді Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі өкілі.

Sputnik Киргизия мәліметінше, Қырғызстан тарапынан қаза тапқандар жоқ. Бірақ Тәжікстанмен шекарада атыс кезінде зардап шеккендер саны артқан.

"Қырғызстанның зардап шеккен әскери қызметшілерінің саны 11 адамға жетті. Барлығы орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды", - делінген басылым мәліметінде.

Жағдай тұрақты

Қазір Тәжікстанның Согди облысының басшысы Қырғызстанның Баткен облысының губернаторымен келіссөздерден кейін тәжік-қырғыз шекарасындағы атыс тоқтатылды.

"Келіссөздер барысында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Жолдар ашылды, әскер шығарылады. Бірлескен комиссия тергеуді 28 қаңтарда таңертең бастайды", - деді РИА Новостиге Согди облысы басшысының баспасөз қызметі өкілі.

Жарақат алғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет нақтыланып жатқаны айтылды.

Қалай болды?

Бұған дейін екі ел шекарашылары арасында атыс басталғаны хабарланды. Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, қарсы жақ гранатомет пен миномет қолданған. Қақтығыс себебі - қырғыз қалалары Исфана мен Баткенді байланыстыратын жолдарды тәжік әскери қызметкерлерінің жабуы.

Айта кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы мезгіл-мезгіл екі елдің жергілікті тұрғындары мен шекарашылары арасындағы қақтығыс аймағына айналған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram