22 ақпан 2014 15:56

Украина Жоғарғы Радасының спикері қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Киевтегі тәртіпсіздіктер қайта белең алған соң Украина Жоғарғы Радасының спикері Владимир Рыбак қызметінен кетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Алайда, спикер өзінің жұмыстан кету себебін денсаулығының сыр бергендігімен, жедел ем алу керектігімен түсіндірген. Естеріңізге сала кетсек, Киевтегі қақтығыс құрбандарының саны 80 адамға жетті. Радикалдар президент Виктор Януковичтен 22 ақпан 2014 жылы өкілеттілігін тапсыруды талап етіп отыр. Сондай-ақ, "Удар" партиясының жетекшісі Виталий Кличконың "Правый сектор" бірлестігінің "Янукович қызметінен кетпейінше, қарулы қақтығысты жалғастыра беру керек" деген талабын қолдамайтыны белгілі болды. "Бұл үлкен қателік болады. Ешқашан арандатушылыққа жол бермеу керек. Билікті кетіру үшін бәрін істеу керек, бірақ қақтығыстың қажеті жоқ"-дейді Кличко. Ал депутаттың өзі қазір парламентте президентті қызметінен кетіруге атсалысып жатыр. "Біз Жоғарғы Раданың Виктора Януковичті қызметінен кетіріп, мерзімінен бұрін президенттік сайлау өткізу туралы қаулы қабылдауын талап етеміз. Украина Конституциясы бойынша мерзімінен бұрын сайлау өткізу 25 мамырдан кешікпеуі тиіс»-деді Жоғарғы Радада сөйлеген Кличко. "Батькивщина" фракциясының жетекшісі Арсений Яценюк болса, "Януковичтің қызметінен кетуіне елдегі саяси дағдарыстан кейін Жоғарғы Раданың қабылдаған заңына қол қоймауы негіз бола алады» дейді. Естеріңізге салсақ, Киевте тәртіпсіздіктер болып жатқанда, оппозиция мен билік 2014 жылдың желтоқсанынан қалдырмай, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге келісім жасасты. Дағдарысты реттеу туралы келісім 2004 жылғы конституцияға қайта оралуды, жаңа коалициялық Үкімет құрып, Украина билігі мен опазицияның және Еуропалық Кеңестің зорлық-зомбылыққа қатысы мен елде төтенше жағдай жариялаудан бас тартуын талқылауды көздейді. Естеріңізге салсақ, 2014 жылдың 21 ақпанында Украина президенті Виктор Янукович ұлтық сенім үкіметін құруды ұсынған болатын. Ал, Киевтегі тәртіпсіздіктер 18 ақпанда қайта жанданды. Агресияшыл топ Украина парламентіне басып кірмек болды. Радикалдар көлік доңғалақтарын жағып, милиционерлерге шабуыл жасады. Куәгерлердің айтуларынша, радикалды топ арасында ату қаруын қолданушылар да болған. "18-і мен 22-сі аралығында 600 адам зардап шекті. Олардың 390-ны ауруханаға жатқызылды» деп мәлімдейді Украина Денсаулық сақтау министрлігінен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети