ПОДЕЛИТЬСЯ
13 наурыз 2022 | 16:23
Ваагн Хачатрян ант беріп, Армения президенті қызметіне кірісті
Ереванның бұрынғы мэрі және жоғары технологиялық индустрия министрі Ваагн Хачатрян жексенбіде ұлттық жиналыстың арнайы отырысында ант беріп, Армения президенті қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ереванның бұрынғы мэрі және жоғары технологиялық индустрия министрі Ваагн Хачатрян жексенбіде ұлттық жиналыстың арнайы отырысында ант беріп, Армения президенті қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Армения парламенті 3 наурызда елдің бесінші президентін сайлады. Ол - 1990 жылдары Ереван қаласының мэрі болған Ваагн Хачатрян. Оның кандидатурасын "Азаматтық келісім" партиясы ұсынды және оны ел көшбасшысы лауазымына бекітті.
Ұлықтау рәсімі Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өтті, оны Арменияның қоғамдық теледидары тікелей эфирден көрсетті. Хачатрян конституцияның түпнұсқасы мен VII ғасырдағы қолжазба түріндегі Інжілге қолын қойып, ант берді.
"Армения Республикасының конституциясына адал болуға, өкілеттіктерімді жүзеге асыру кезінде бейтарап болуға, тек жалпы мемлекеттік және жалпыұлттық мүдделерді басшылыққа алуға және барлық күш-жігерімді ұлттық бірлікті нығайту ісіне салуға ант етемін", - деді жаңа президент.
Арменияның экс-президенті Армен Саркисян 23 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол негізгі себеп ретінде мемлекет басшысына сыртқы және ішкі саясаттың түбегейлі процестеріне шешуге мүмкіндік бермейтін тиісті өкілеттіктердің жоқтығы екенін атап өтті.
2015 жылы Армениядағы конституциялық реформалардан кейін елдің президенттіктен парламенттік басқару формасына өтуін қамтамасыз еткен мемлекет басшысы жалпыхалықтық дауыс беру кезінде емес, парламент депутаттарының дауысы арқылы сайланады. Президенттің функциялары заң шығарушы орган мен үкіметтің қолына шоғырланған.
Арменияда оның бүкіл посткеңестік тарихында төрт президент болды. Олардың үшеуі - Левон Тер - Петросян (1991-1998), Роберт Кочарян (1998-2008) және Серж Саргсян (2008-2018) бұл лауазымға екі рет жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланды. Тәуелсіз Арменияның бірінші басшысы Тер-Петросян сол кездегі премьер-министр Кочарян, қорғаныс министрі Вазген Саркисянмен арадағы Қарабақты реттеу мәселелеріндегі келіспеушіліктерге байланысты қызметінен мерзімінен бұрын кетті. Төртінші президент - Армен Саркисян 2018 жылы сәуірде қызметке келген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также