10 маусым 2023 15:57

Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ТЖМ

Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан аса адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

"11 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді, жалпы көлемі - 410 тонна. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді, жалпы көлемі - 590 тонна. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады", - делінген хабарламада.

Сағат 10.30-дан 11.00-ге дейін өрт болған жерде аздаған жаңбыр жауғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram