09 қараша 2024 | 12:52

Ақтөбе облысында тікұшақ құлады

әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысында тікұшақ құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында тікұшақ құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының аумағында тікұшақ қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түскен.

Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді.

"Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті ауыздықтады. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная