19 наурыз 2021 15:38

Алматы барахолкасында өрт шықты

Фото: ©Шоқан Алхабаев

Алматыда Барахолка базарынан өрт шықты. Тауарларға арналған бірнеше қойма жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Барахолка базарынан өрт шықты. Тауарларға арналған бірнеше қойма жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 19 наурыз күні болған. Өрт шыққан жерден түсірілген видеолар желіде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, "Байсат" базарындағы қоймаларда өрт шыққан. Кадрлардан ол аймақта адамдар жүргенін көруге болады.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті сағат 14.51-де өртсөндірушілер "Байсат" базарына жіберілгенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"3 минуттан кейін сағат 14:54-те өрт сөндіру техникасының өрт шыққан жерге өтуін қамтамасыз ететін "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram