ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2023 | 18:07
Астана түтінге оранды: премьер-министр ТЖМ басшысына тапсырма берді
Премьер-министр Әлихан Смайыловқа Астанадағы өртті сөндіру барысы баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Әлихан Смайыловқа Астанадағы өртті сөндіру барысы баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Астана іргесіндегі өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратын тыңдады.
Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының айтуынша, Талдыкөл көлі тұсындағы тұзды аймақта алдын ала анықталған 15 гектар аумақта қамыс пен қураған ағаш өртеніп жатыр.
"Тұрғын үй аумағына қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 158 адам мен 33 техника жұмылдырылған. Өртті сөндіруді қатты жел, батпақ және кіреберіс жолдардың жоқтығы қиындатып отыр", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.
Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне күштер мен арнайы құралдарды топтастыруды күшейтуді, сондай-ақ өртті жою бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также