11 қыркүйек 2022 | 18:21

Жетісу облысы тауларындағы өрт: тағы бір орман шаруашылығы өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Үйгентас орман шаруашылығы аумағында 100 гектар аумақта құрғақ шөп, бұталар мен жапырақты орман өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Үйгентас орман шаруашылығы аумағында 100 гектар аумақта құрғақ шөп, бұталар мен жапырақты орман өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алакөл орман шаруашылығы аумағында 70 гектар аумақты алып жатқан 10 өрт ошағы тіркелген.

"8 қыркүйектен бүгінге дейін тікұшақтармен 84 тонна су шашылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 188 адам, 2 тікұшақ, 21 техника, 60 бүріккіш және 6 ат жұмылдырылған", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жетісу облысы аумағында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Бұл Алакөл өңіріндегі тауда өртке оранған екінші орман шаруашылығы. 

Еске салайық, 7 қыркүйекте Жетісу облысы Алакөл ауданындағы "Достық" станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная