17 тамыз 2023 14:28

Қарағанды ​​облысында шахта өртенді: жаңа деректер айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасында өрт шыққаннан кейін 224 адам жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасында өрт шыққаннан кейін 224 адам жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, бас ауруы мен жөтелге шағымданған 13 адам оқиға орнында дәрігерлерге жүгінген. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханада жатыр: екеуі – Шахтинск қаласының орталық ауруханасында, екеуі – облыстық медицина орталығында.

Еске салайық, "Казахстанская" шахтасындағы апатқа байланысты кеншілер эвакуацияланып жатқаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Казахстанская" шахтасында конвейер лентасы өртенгені айтылды. Шахтада 227 адам болған. Шахтада конвейер лентасының тұтануына байланысты апатты жою жоспары енгізілген.

"17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасындағы (горизонт - 170 м) жұмыс кезінде конвейер лентасы жанды. Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету кері позицияға ауыстырылды", - деді Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына сілтеме жасап.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram