ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2022 | 09:41
Қарағанды облысында шахтадағы төтенше жағдай: полиция тергеу бастады
Қарағанды облысының полицейлері төрт адам қаза тапқан "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысының полицейлері төрт адам қаза тапқан "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ленин атындағы кеніште болған ТЖ дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также