03 қараша 2022 09:41

Қарағанды ​​облысында шахтадағы төтенше жағдай: полиция тергеу бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz©

Қарағанды ​​облысының полицейлері төрт адам қаза тапқан "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысының полицейлері төрт адам қаза тапқан "АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ленин атындағы кеніште болған ТЖ дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram