ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 маусым 2024 09:35
Қарағандыда қонақүй өртенді
Қарағандылық құтқарушылар қонақүйде шыққан өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Қазыбек би ауданында қонақүйлердің бірінде қаптама қабырғалары және кондиционер жанды. 13 адам алдын ала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 23 минут ішінде жойылған. Зардап шеккендер жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу