Қарағандыдағы ірі өртті сөндіру үшін елордадан тікұшақ жіберілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағандыдағы ірі өртті сөндіру үшін елордадан тікұшақ жіберілді видео кадры

Қарағанды облысында өртті сөндіру үшін ТЖМ тікұшағы тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында өртті сөндіру үшін ТЖМ тікұшағы тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 шілде сағат 12:02-де 112 пультіне Қарағанды қаласының Осевая көшесі жанында "Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы" КММ аумағында шөптер мен ағаштардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрттің алдын ала аумағы - 200 гектар.

"Алайда қатты жел болғандықтан оны сөндіру қиындық тудырып жатыр. Өртті жоюға ТЖ департаменті, орман шаруашылығы, ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың 200 адамы мен 40 техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлерінің күшімен саяжайлардағы тұрғындар эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өртті сөндіру үшін Нұр-Сұлтан қаласынан су ағызу құрылғысы бар МИ-875 тікұшағы жіберілген.

Сондай-ақ, сағат 13:22-де "Восток-3" шағынауданындағы орман екпелерінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖД мен №52859 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылды. Жану аумағы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама