"Қауіп бар". Жетісу облысындағы таулы аймақта өрт сөндіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт туралы ақпарат кезекшіге бүгін, 8 қыркүйекте таңғы сағат 4.30-да түскен. Бастапқыда өрт аумағы 60 гектар болған. Қазіргі уақытта өрттің қылқан жапырақты орманға таралу қаупі бар.

"Сағат 9.49-да Талдықорған қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы - 45 қызметкер мен 5 техника жөнелтілді. Өрт орнына дейінгі қашықтық 490 шақырым. Сағат 14.04-те Талдықорған әуежайынан МИ-8 "Қазавиаспа" тікұшағы Алакөл ауданына шықты. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағы 100 гектар болды", - деді Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Өртті сөндіруге барлығы 125 адам, алты техника, 20 бүріккіш және бес ат жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама