ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2020 | 13:03
Кентауда "Қазпошта" бөлімшесінде өрт шықты
Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласындағы "Қазпошта" бөлімшесінде шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылы 5 желтоқсанда сағат 22:58-де 101 пультіне Кентау қаласында үшқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Казпочта" АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі 30 шаршы метр. Өрт сағат 23:20-да оқшауланып, 23:30-да өрт толығымен сөндірілді", - деді Талғат Уәли.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкері және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также