Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатының себебін атады

ТЖМ

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апат жағдайында қонған.

Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажет медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

Реклама
Реклама

"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама