05 қыркүйек 2022 | 12:32

Қостанай облысындағы өрт: тағы бір ауыл тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысындағы Бағаналы ауылының тұрғындары өрт қаупіне байланысты эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысындағы Бағаналы ауылының тұрғындары өрт қаупіне байланысты эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желдің күшеюіне байланысты өрттің орман алқабынан Бағаналы ауылына өту қаупіне байланысты Бағаналы ауылына басқа учаскелерден күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына тұрғындарды көшіріп жатыр (халық саны - 351 адам, 111 аула). Оқиға орнында ТЖМ-ның 10 техникасы және жеке құрамның 52 адам, 4 әуе кемесі (ТЖМ - 3, Қорғаныс министрлігі - 1), ЖАО - 5 техника, 14 адам, ҚМ - 9 техника, ҰҰ - 400 адам жұмыс істеп жатыр", - делінген хбарламада.

Министрлік мәліметінше, өрт сөндіру жұмыстары бес ауданда - Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары аймағында, орман алқабында жалпы ұзындығы 5 шақырым болатын аумақта жүргізіліп жатыр. Барлығы 91 тұрғын үй зардап шеккен: Аманқарағай ауылында - 85, Озерный ауылында алтауы.

Реклама
Реклама

"Өрт сөндіруге 224 техника, 7 әуекемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы жұмылдырылды: ТЖМ-дан 82 техника, жеке құрамның 418 адамы, суағар құрылғылары бар 4 тікұшақ (Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 әскери бөлімі (Қарағанды); ІІМ-нен 61 техника, жеке құрамның 1000 адамы; ҚМ - 1 техника, жеке құрамның 175 адамы, су ағызатын құрылғылары бар 2 тікұшақ; ЭГТРМ (РМҚК Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы және Лесхоз) - 42 техника, 118 адам, 1 әуекемесі; жергілікті атқарушы органдардан 38 техника, 123 адам; ЕӨҚ, еріктілерден 338 адам; ҚТЖ-дан 5 өрт сөндіру пойызы, 21 адам", - деп толықтырды ТЖМ өкілі.

Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қорғауға Ішкі істер министрлігінің жеке құрамынан қосымша 300 адам жұмылдырылған.

Жарақат алған, денесін күйік шалған, жеңіл және орташа дәрежеде уланған 10 адам (5 адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала, 1 орман шаруашылығы қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері) үйлеріне шығарылған, 1935 жылы туған бір адам қаза болды.
 
Өртті сөндіру басталғаннан бері 93 рет әуеден су ағызу жұмыстары жүргізілген.

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асқаны белгілі болды. Орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107257 гектар. Елді мекендерге қауіп төнуіне байланысты Озерное ауылынан (250 адам), Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) 1841 адам эвакуацияланды).

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырды, 66 адам эвакуациялау пункттерінде, қалғандары үйлеріне оралып, туыстарына орналастырылған.

Новонеженка ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі зардап шеккен халықты қабылдау үшін шатырлар тіккен. Нұр-Сұлтанда Мәжіліс депутаттарының бастамасымен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек тиелген колонна жасақталғаны айтылды.

Қостанай облысында барлығы үш табиғи өрт бір уақытта сөндіріліп жатыр.

Қостанай облысындағы орман өрттері деректері бойынша ішкі істер органдары ҚР ҚК-нің 341-бабы ("Ормандарды жою немесе бүлдіру") және 204-бабы 2-бөлігі ("Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная