03 қыркүйек 2022 | 23:14

Қостанай облысындағы өрт тағы бір елді мекенді шарпыды

Дина Шарипханова Корреспондент
Аманқарағай ауылындағы өрт. Куәгерлер түсірген сурет

Қостанай облысында тағы бір ауыл өртеніп жатыр. Орман өрті Аманқарағай ауылына ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында тағы бір ауыл өртеніп жатыр. Орман өрті Аманқарағай ауылына ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде куәгерлер оқиға орнынан видеоларды бөлісіп жатыр.

Ауылда теміржол бекеті бар, тұрғындардың сөзінше, сол аймақтағы барлық үй өртеніп кеткен. Ауылда, одан бөлек, екі элеватор мен мектеп бар.  

Реклама
Реклама

ТЖД мәліметінше, өрт Аманқарағай ауылындағы мұнайбазасының әкімшілік ғимаратына және жақын маңдағы 30 тұрғын үйге өткен.  

Кешкі уақыттағы ақпарат бойынша, Қостанай облысындағы өрт 9400 гектар аймаққа жеткен. Озерный, Аманқарағай, Калинино және Лесное кентінде 1841 адам эвакуацияланды.

Қостанай облысындағы өртке байланысты облыстық департамент жанынан жедел желі іске қосылды. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысындағы Озерный кенті өртке оранғаны хабарланған болатын. Салдарынан 50 үй өртеніп кетті. Жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная