ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2022 | 23:10
Қостанай облысындағы өрт: Тоқаев жедел штабқа барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
"Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қостанай облысы Басаман ҚМУ аумағындағы ірі орман өртін сөндіру екінші тәулік бойы жалғсып жатыр. Өрт мемлекеттік орман қорының 2000 гектардан астам жерін қамтыды.
17:30-дағы ақпарат бойынша, Новонежинка ауылының маңында өрт тоқтатылды. Ал, Озерный кентінде 50-ге жуық үй жанып жатыр. Тұрғындар эвакуацияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также