ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2022 | 12:35
Қостанай облысындағы өрт туралы кеш хабарланған - ТЖМ
Қостанай облысындағы орман өрті туралы кеш хабарланған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысындағы орман өрті туралы кеш хабарланған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі басшысы өрттің үлкен аумаққа таралуына жел себеп болғанын айтты.
"Орман өрті туралы хабар кеш келгенімен келісемін. Шамамен 20 шақырым жерде болған. Бірден бірнеше шақырымда өрт тұтанған. Үлкен аумақта өрттің таралуы секундына 25 метрге дейін жетіп, жел басталған. Салдарынан жердегі қызметтермен сөндіру мүмкін болмайтындай өрт басталып кетті", - дейді Ильин.
Бүгінде өрт әзірге сөндірілмеді. Министрдің айтуынша, өртті сөндіруге техника жеткілікті: шамамен 250 техника бар. Өртті сөндірумен екі мыңға жуық адам айналысып жатыр.
"Шамамен өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Ол тек орман аймағы емес: егістік жерлер, жалпы пайдалану орындары мен жайылымдар да бар", - деді ТЖ министрі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также