Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс видеоға түсіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс видеоға түсіп қалған Видео кадры

Әлеуметтік желіде Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны "Наша Газета (Қостанай)" Telegram-арнасы жариялады. "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Кадрларда алдымен ғимараттан қою түтін шығып жатқаны, кейін өрт шыққаны көрінеді. Содан кейін дүкеннен адамдар жүгіріп шығады.


Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама