14 маусым 2023 | 09:23

Маңғыстаудағы кен орнында бесінші күн қатарынан ұңғыма жанып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда бес күннен бері жанып жатқан өртті жою мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда бес күннен бері жанып жатқан өртті жою мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Бозашы түбегінің солтүстік-батыс бөлігіндегі Оңтүстік Қаратұрын мұнай-газ кен орнындағы бұрғылау кезінде шыққан өртке байланысты шұғыл кеңес өткізді. Кеңеске энергетика вице-министрі Асхат Хасенов, "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ басшылығының және осы компанияның басқа да бөлімшелері мен мердігерлерінің өкілдері қатысқан.

Реклама
Реклама

Олар өртті жою шараларын ұсынды. "Бозашы мұнай" ЖШС бас геологы Александр Касьяненко ұңғыманың шұңқырын ауыр бұрғылау ерітіндісімен толтыруды немесе ұңғымаға қосымша бүйірлік бұрғылауды ұсынды. Кейбір қатысушылар газ қысымының төмендеуіне байланысты өрт өздігінен жойылуы мүмкін деген болжам жасады.

"Бізде газ қысымы өздігінен төмендеп, өрттің өзі басылғанша күтуге уақыт жоқ. Өртті сөндіру алгоритмі шұғыл түрде жасалуы керек. Барлық жауапты тұлғалар қосылуы қажет. Қаржыландырудың талап етілетін көлемі мен материалдық-техникалық база – мұның бәрі алгоритмде көрсетілуі тиіс", - деді сала ардагері Балтабек Қуандықов.

Облыс әкімі ұңғымаға түсетін газдың көлемі мен қысымын анықтап, кен орнындағы өртті жою бойынша жедел іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет екенін атап өтті. Сарапшылардың алдын ала болжамы бойынша, техногендік апаттың ықтимал себебі ұңғыманы бұрғылау бойынша құрылыс жұмыстары кезінде ұңғыма сағасындағы жарылудың алдын алу қондырғысы қысымының төмендеуі болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная