ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2022 | 10:54
Өскеменде өртеніп жатқан үйден әйелді құтқарған жігіт іздестіріліп жатыр
Өскеменде оқиға куәгерлері өртеніп жатқан үйден әйелді алып шықты. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқаруға қатысқан батырды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскеменде оқиға куәгерлері өртеніп жатқан үйден әйелді алып шықты. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқаруға қатысқан батырды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт Өскемендегі Бажов көшесіндегі жеке тұрғын үйді шарпыған. Төбенің ағаш құрылымдары, шатыры, жиһаздары, тұрмыстық техникасы мен жеке заттар жанған.
"Өртсөндірушілер келгенге дейін өтіп бара жатқан куәгер түтінді байқап, көрші Николай Соломаевты оятып, онымен бірге жанып жатқан үйдің терезесін сындырған. Олар іште ұйықтап жатқан 1948 жылы туған үй иесін тауып, оған терезе арқылы қалың түтінге оранған тұрғын үйден шығуға көмектесті. Осылайша, оның өмірін сақтап қалды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Келген өрт сөндіру бөлімшелері 80 шаршы метр жалпы алаңда өртті сөндірген. Барлығы жеке құрамның 8 адамы және екі техника жұмылдырылды.
Құтқару жұмыстарына қатысып, өз деректерін қалдырмай кетіп қалған қарапайым жігітке Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 777 977 21 21 телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также