ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2024 | 17:56
Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды
Петропавлда төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Петропавлда төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың еру салдарынан жеке секторларды су басты.
"Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды. Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімі бойынша, 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также