Щучинскіде кафеде жарылыс болып, алты адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Щучинскіде кафеде жарылыс болып, алты адам қаза тапты instagram/112aqmola

Щучинск қаласында "Центр плова" мекемесінде жарылыс болып, өрт шықты. Салдарынан алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучинск қаласында "Центр плова" мекемесінде жарылыс болып, өрт шықты. Салдарынан алты адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 ақпанда кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жалғасқан бір қабатты кафеде "газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, кейіннен өрт шыққаны" тіркелген.

"Хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келді. Өртсөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, 10-нан аса адамды құтқарды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 20-ға жуық адам зардап шегіп, алты адам қаза тапты", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт толық сөндірілген. Құтқарушылар қирандыларды шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Ақмола облысы ТЖД-де 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Оқиға орнында ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, ТЖД-нің барлық бөлімшесі, соның ішінде өрт сөндіру жасақтары, құтқару топтары, медициналық қызмет пен полиция, газ-техникалық инспекция жұмыс істеп жатыр. ТЖМ санавиациясы мен жедел жәрдем көліктері жоғары дайындыққа алынғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама