17 қазан 2022 09:05

Семейде тұрғын үйлер маңында ірі өрт болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Семейде өртсөндірушілер тұрғын үйлерді өрттен аман алып қалды. Үйлерден 100 метр қашықта бірнеше гектар қамыс өртенген, қатты жел салдарынан өрт кез келген уақытта таралуы мүмкін еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 қазанда сағат 18:00 шамасында Семей қаласының Пржевальский көшесі бойындағы ашық жерде үш гектар аумақта қамыс өртенді.

"Жақын жердегі тұрғын үй секторы өрт ошағынан 100-150 метр қашықта болды. Өрт шыққан орынға облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік күштері мен құралдары жіберілді. Елуден аса өртсөндіруші күшімен өрт ауыздықталды. Өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі жойылды, зардап шеккендер жоқ. Сағат 20:22-де өрт сөндірілді", - деді Иманқұлов.

Реклама
Реклама

Өрт сөндірілгеніне қарамастан, периметрді күзету және қайта тұтануды болдырмау мақсатында өрт орнында техника мен жеке құрам әлі де кезекшілік етіп жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram