Талдықорғанда жарылыс болғаны туралы хабар түсті: бір адам зардап шеккен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:©РИА Новости

Талдықорған тұрғындары жарылыс болғанын хабарлады. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған тұрғындары жарылыс болғанын хабарлады. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 22 қазанда сағат 5:50-де Талдықорғандағы  Желтоқсан көшесі бойында, ЖШС аумағында газ жарылысы болғаны туралы хабарлама түскен. Жеке тұрған күзет дүңгіршегінде жарылыс болып, заттардың тұтануы салдарынан нысанның қабырғалары мен төбесі құлаған.

Оқиға салдарынан 1982 жылы туған күзетшінің қолы мен бетін күйік шалған (алдын ала 10-12 пайыз), жағдайы тұрақты.

Реклама
Реклама

Газдың шығу себебі анықталып жатыр, оқиға орнында Талдықорған ТЖД және ПБ ЖТТ тергеушілері, сондай-ақ "ҚазТрансГаз Аймақ" газ қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама