Талдықорғандағы әскери әуебазасында төтенше жағдай болды: бір адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: gov.kz

Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Салдарынан бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Талдықорған авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Салдарынан бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Реклама
Реклама

Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная