ТЖМ басшысы "Қазақстан" шахтасындағы жағдай туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіру жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіру жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, тасымалдаушы таспадан шыққан өрт көмір қабаттарына тараған. Өрт жер бетінде емес, терең жер астында болатындықтан жұмыс қиындайтыны айтылды.

"Шахтадағы жағдай мынадай. Барлығыңыз БАҚ-тан тасмалдаушы лента жанғанын естідіңіздер. Одан өрт көмір қабаттарына тарады. Сондықтан, ұзақ уақыт жанып жатыр. Сөндіру де күрделі мәселе. Құтқарушылар тыныс алуға қолайсыз ортада, көру мүмкіндігі шектеулі, жоғары температурада жұмыс істеп жатыр. Өрт жер бетінде сөндіріліп жатқан жоқ. Белгілі бір технологиялар бар, оларға сәйкес жұмыс жасалуы керек. Болжамдар туралы айтуға әлі ерте. Бірақ жақын арада сөндіріледі деп ойлаймын", - деп түсіндірді Шәріпханов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама