03 қараша 2022 | 10:32

Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасындағы апатта қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым", – деп жазылған жеделхатта.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная