03 ақпан 2023 | 09:18

Түркістан облысындағы су тасқыны әуеден видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ТЖМ бөлімшелері Түркістан облысында су тасқыны салдарын жою мақсатында түні бойы жұмысын жалғастырды, бірақ бүгін де жауын толассыз жауып тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ТЖМ бөлімшелері Түркістан облысында су тасқыны салдарын жою мақсатында түні бойы жұмысын жалғастырды, бірақ бүгін де жауын толассыз жауып тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған видеода үйлер су айдынына жақын салынғанын, бұл үйлерді су басу қаупі әу бастан жоғары екенін көрсетеді.

Қазір Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай арнасында еріген қар суы мен жаңбыр суы молынан тасып жатыр.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері түні бойы суды сору және инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жалғастырды.

Бұл ретте "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі - жаңбыр, қар, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы, қардың қарқынды еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі.

Фото: ТЖМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная