Қазақстандықтар Черногорияға визасыз бара алады: мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар 2026 жылдың мамырынан қазан айына дейін Черногорияға визасыз бара алады, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар 2026 жылдың мамырынан қазан айына дейін Черногорияға визасыз бара алады, деп хабарлайды Tengri Travel.

Уақытша визасыз режимнің енгізілгені туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Черногория үкіметі 17 сәуірде Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді", - деп хабарлады ведомство.

Жарнама
Жарнама

СІМ 1 мамыр мен 1 қазан аралығында қазақстандықтардың Черногорияға тек төлқұжатпен бара алатынын және онда 30 күнге дейін бола алатынын атап өтті. Неғұрлым ұзақ сапарлар үшін виза рәсімдеу қажет болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар үшін шенген визасын алу жеңілдейтіні белгілі болған. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, визалық режимді өзара жеңілдету туралы келіссөздерді биыл жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланған.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама