Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдейді - СІМ мерзімдерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдейді - СІМ мерзімдерін атады Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар Шенген визасын алудан босатылмайды, бірақ оны рәсімдеу жеңілдейді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы келіссөздер туралы толығырақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтып берді, деп хабарлайды Tengri Travel.


Қазақстандықтар Шенген визасын алудан босатылмайды, бірақ оны рәсімдеу жеңілдейді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы келіссөздер туралы толығырақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтып берді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Бақаевтың айтуынша, қазақстандықтар үшін Шенген визасын алуды жеңілдету процесі екі кезеңнен тұрады.

"Мен мынаған назар аударғым келеді – мәселе Қазақстан азаматтарын Шенген елдері үшін визалық талаптардан босату туралы емес. Сөз шенген визасын алу процесін жеңілдету туралы болып отыр. Бұл өте маңызды. Өйткені БАҚ-та кейде мүлдем басқа ақпарат шығып жатады. Бірінші кезең – бұл реадмиссия туралы келісім. Бұл – бірге жүретін екі құжат. Еуропалық тарап бұл екі құжатқа бір мезгілде қол қоюды жоспарлап отыр. Біз де оларды ратификациялауға бір уақытта ұсынуымыз керек. Мерзімге келетін болсақ, біз келіссөздер процесін осы жылдың екінші жартысында аяқтағымыз келеді. Одан кейін екінші процедура басталады", - деді Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында.

Анықтама: Реадмиссия - бұл халықаралық шарттар негізінде мемлекеттің басқа елдің аумағында заңсыз жүрген өз азаматтарын немесе үшінші елдердің азаматтарын кері қабылдауға келісімі. Бұл - заңсыз көші-қонмен күресудің, жеделдетілген және реттелген түрде елден шығаруды қамтамасыз ететін механизмі. Реадмиссия құзыретті органдар арасындағы адамдарды беруді реттейтін екіжақты келісімдермен ресімделеді.

Министр орынбасарының сөзінше, Қазақстанға Парламентте тиісті құжатты ратификациялау қажет болады. Ал Еуроодаққа мүше барлық мемлекеттер міндетті түрде өз қорытындыларын беруі тиіс.

"(Виза алу – ред.) әлдеқайда жеңілдейді. Жалпылама айтсам: құжаттар бойынша талаптар регламенттеледі. Бұл өте маңызды. Көп мәртелік визаға қатысты мәселелер де талқыланып жатыр. Баға мәселесі де бар – біз оны арзандатуға тырысамыз, әрине. Сондықтан Қазақстан азаматтарын қызықтыратын негізгі параметрлер әрдайым ескеріледі", - деді Бақаев.

TengriTravel
;