Қатардың азаматтық авиация басқармасы (QCAA) шетелдік әуекомпаниялардың Хамад халықаралық әуежайына рейстерін кезең-кезеңімен қайта бастайтынын жариялады, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Qatar News Agency агенттігіне cілтеме жасап.
Шешім жағдайды жан-жақты бағалаудан кейін, жұмыстың барынша дайындығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін барлық тиісті ұлттық органдармен үйлестіре отырып қабылданғаны нақтыланды.
Шетелдік әуе компанияларының Катар мемлекетіне рейстерінің қайта басталуы#Доха #Катар #АзаматтықАвиация
— Азаматтық авиация (@CAAQATAR) 2026 жылғы 20 сәуір
Resumption of Foreign Airlines' Operations to Qatar#doha #qatar #aviation pic.twitter.com/7e6rsWzsMO
Ведомство өкілдері барлық рейс мен операциялар халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты басымдық болып қала беретіні айтылды.
Еске сала кетейік, 18 сәуірде Иранның азаматтық авиация басқармасы елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі ашылатынын жариялады.