Иранның азаматтық авиация басқармасы 18 сәуірде таңертеңнен бастап елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі ашылатынын жариялады. Бұл туралы бірқатар БАҚ, соның ішінде Tansim телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БАҚ мәліметтеріне сәйкес, елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі сенбі, 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де ашылды. Шешім ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, Ұлттық азаматтық-әскери үйлестіру комитетінде жағдайды қарастырғаннан кейін қабылданды.
"Осыған сәйкес, сондай-ақ, ұшқыштар құрамына арналған хабарлама (NOTAM) негізінде елдің әуе кеңістігі мен бірқатар әуежай 18 сәуірде таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылды", — деп агенттік басқарма хабарламасынан үзінді келтіреді.
Сонымен қатар, әуежайлардың жұмысы әскери және азаматтық қызметтердің дайындығына қарай біртіндеп қалпына келтірілетіні хабарланды.