28 шілде 2020 | 12:44

Дубай Қазақстаннан келетін туристерден екі рет тест тапсыруды талап етеді

Фото: ©Shutterstock

Дубайға барғысы келетін қазақстандықтардың COVID-19 анықтайтын тестінің нәтижесі теріс болу керек. Сондай-ақ олар әуежайға келгенде коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тағы анализ тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Whatson.ae басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дубайға барғысы келетін қазақстандықтардың COVID-19 анықтайтын тестінің нәтижесі теріс болу керек. Сондай-ақ олар әуежайға келгенде коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тағы анализ тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Whatson.ae басылымына сілтеме жасап.

Бұл міндетті ереже 29 елден келетін туристер үшін 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес туристер екі рет тест: біріншісін ұшаққа отырғанға дейін, екіншісін түскеннен кейін тапсыру керек. Бұл - коронавирус жұқтырған тұрғындары көп елге қатысты талап.

Реклама
Реклама

Екі тест тапсыруы керек мемлекеттердің тізімінде Қазақстаннан бөлек Ауғанстан, Армения, Бразилия, Бангладеш, Джибути, Египет, Эритрея, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Ливан Республикасы, Черногория, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сербия, Сомали, ОАР, Шри-Ланка, Судан, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная