01 шілде 2019 | 16:03

Экстремал-скайдайверлер алматылық телемұнараның жанынан ұшты

видеодан үзінді

2019 жылы 1 шілдеде Red Bull Skydive Team әуе акробатика бойынша танымал халықаралық командасының атлеттері Көк-Тобе алматылық телемұнараның жанынан ұшты. Бұл қала үстінде жасалған Қазақстандағы алғашқы вингсьют-секіру, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2019 жылы 1 шілдеде Red Bull Skydive Team әуе акробатика бойынша танымал халықаралық командасының атлеттері Көк-Тобе алматылық телемұнараның жанынан ұшты. Бұл қала үстінде жасалған Қазақстандағы алғашқы вингсьют-секіру, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Команда Қазақстанға алғаш рет 2017 жылы келді. Сол кезде атлеттер Бэйс-джамп Нұр-сұлтан аспанының шатырынан секірді. Марко Вальтеншпиль, Марко Фюрст және Даниэль Дэ Ла Бланка Алматыда алғаш рет болып қайтты. Экстремалдар теңіз деңгейінен ең биік телемұнара - Көк-Төбені әуеден көрсетті. 

Реклама
Реклама

Жобаны дайындау шамамен бір жарым айға созылды. Атлеттер Қазақстанның табиғаты мен қолыңды созсаң, қар жамылған тау шыңдарына жете алатын жақындықта орналасқан, Алматының бірегей орналасуы -Қазақстанда спорттық секіруді өткізу пайдасына сөзсіз дәлел болды.

"Біз Нұр-Сұлтанда бірнеше жыл бұрын болғанбыз, сол кезде әуе спорты үшін елдің жоғары әлеуетін байқадық. Қазақстанға оралу шешімі қабылданған болатын және біздің жоба үшін келесі қала ретінде Алматыны таңдадық. Біз ұшуды орындау үшін бірнеше орындарды қарастырғанбыз. Оның ішінде, Алматы көлі (ҮАК) және телемұнара. Телемұнара - әрине тауларды қоспағанда қаланың ең биік нүктесі. Жобамыздың идеясы осылай пайда болды. Ұшу сәтті өтті, ғаламат рахат алдық. Күн сайын телемұнараның антеннасының айналасында және осындай үлкен қала сенің астында орналасатындай, ұшып жүрмейсің. Бұл өте әдемі және керемет!", - деді Марко Вальтеншпиль.

Ұшулар қаланың барлық жауапты қызметтерінің келісімі бойынша 18 және 20 маусымда өтті. Ан-2 ұшағы атлеттерді Бутаковка шатқалында орналасқан, 4 000 метрге жуық биіктікте белгіленген лақтыру нүктесіне жеткізді. Спортшылардың винг-сьютарда әуеде ұшуы шамамен екі минутқа созылды. Атлеттер Көк-Төбе телемұнарасын басып озып, одан 220 метр биіктікте небәрі 10 метр ұшып өтті де, төбеге қонды. Бұл бірегей секіруді іске асыруға және барлық ұйымдастыру мәселелерін шешуге Red Bull Skydive командасына Visit Almaty компаниясы, Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының туризм басқармасы көмектесті.

Көк-Төбе телевизиялық мұнарасы теңіз деңгейінен әлемдегі ең биік телемұнара болып табылады.  Құрылыстың биіктігі 371,5 метр, ал теңіз деңгейінен биіктігі - 1452 метр (Көк-Төбе тауымен бірге). Антенналарға арналған діңгектің биіктігі - 114 метр, ал салмағы - 7 000 тонна.

Атлеттер Көк-төбе маңында ұшуда тоқтап, Үлкен Алматы көлінен екінші рет секірді. "Бағымызға орай, ауа райы өте қолайды болды, бұл вингсьют секіру үшін тамаша жағдай. Қызметтер кәсіби жұмыс істеді. Жерге қонғаннан кейін біз Алматыда келесі жобаның идеяларын талқылай бастадық. Әзірге бұл жоспарды құпияда ұстаймыз. Алдағы екі жылда оны жүзеге асырамыз деп үміттенеміз", - деді Вальтеншпиль.


Суреттер Red Bull Kazakhstan ұйымынан

"Мен Қазақстанда осындай биік таулар мен әсіресе, таулар арасында осындай көлдер бар боларын күтпедім! Мұнда керемет әдемі және біз тауларда секіру үшін қаншама тағы да мүмкіндік бар екенін көрдік. Сондықтан біз қайта оралуды жоспарлап отырмыз", - деді Марко Фюрст.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная