13 қаңтар 2020 | 15:45

Катардан Алматыға және Нұр-Сұлтанға тікелей әуерейстер ашылады

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің Telegram желісіндегі аккаунтына сілтеме жасап. 

2020 жылдың 30 наурызында "Qatar Airways" әуе компаниясының Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасындағы алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді, ал 1 сәуірде Доха мен Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің Telegram желісіндегі аккаунтына сілтеме жасап. 

2020 жылдың 30 наурызында "Qatar Airways" әуе компаниясының Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасындағы алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді, ал 1 сәуірде Доха мен Алматы қалалары арасында алғашқы рейсті орындау рәсімі өтеді.

"Инаугурациялық рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесінде орындалатын болады. "Qatar Airways" әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Жалпы, "Qatar Airways" әуе компаниясы Қазақстанға аптасына 6 рет тұрақты түрде ұшатын болады. Екі ел арасындағы рейстерге билеттердің сатылымын бастау 16 қаңтарға жоспарланған. Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға Qatar Airways әуе компаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная