ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2019 | 12:51
Қазақстанда саяхаттауға үндейтін Киелі жерлер геймификациясы жобасы ұсынылды
2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыты - туристік қызметтер нарығында цифрландыру деңгейін арттыру. Ішкі туризмнің перспективалары және бұл бағытты жетілдіру бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Өркен Бисақаев айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыты - туристік қызметтер нарығында цифрландыру деңгейін арттыру. Ішкі туризмнің перспективалары және бұл бағытты жетілдіру бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Өркен Бисақаев айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
Негізгі жоба - Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы. Қазіргі кезде портал қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай тілдерінде жұмыс істейді. Биыл кәріс тілі қосылады. Мұнда шетелдік туристер еліміздің басты ерекшеліктері мен көрікті жерлерімен танысып, Қазақстанда саяхаттау үшін барынша мол ақпарат ала алады.
Kazakhstan.travel порталында бизнеске арналған бөлім бар, ол тур операторларға, гидтерге, туристік агенттіктерге, қолөнер шеберлері мен кәдесыйлар сататын дүкендерге өз бағыттары, тауарлары мен көрсететін қызметтері туралы ақпаратты тегін орналастыруға мүмкіндік береді. Биыл бизнес үшін функционалды біршама арттыруды көзделген. Ұшақ билеттері мен қонақ үйлерді брондау үшін агрегаторлар іске қосылады.
Сонымен қатар порталды дамыту аясында бастама ретінде Е-hotel жобасы ұсынылды, оның маңызды міндеті - е-виза алу үшін электронды шақыруларды беруді автоматтандыру, қонақ үйлер мен басқа да тұратын жерлердің бірыңғай базасын құру. Кейін бұл жоба тұратын орындар туралы ақпарат алу үшін бірыңғай терезеге айналуы тиіс.
Бұдан басқа, басымдықты топ-10 туристік аумақтарда тегін ғаламтор желісін ұсыну, шетелдік туристер үшін PowerBank және SOS түймесі тәрізді жұмыс істейтін мобильді MiFi роутерлер беру жоспарланған.
Ішкі туризмді дамыту үшін сонымен қатар жастарды Қазақстанда саяхаттауға үндейтін Киелі жерлер геймификациясы жобасы ұсынылды.
Бұл бастамалардың барлығы туристер үшін пайдалы болады, бүгінгі таңда 3,5 миллиардқа жуық адамға ғаламтор қолжетімді, бұл адамдардың жастары, білім деңгейі мен табыстары әр түрлі. Google зерттеулеріне сүйенсек, туристердің 65 пайызының демалыс орнын таңдауына онлайн ресурстардан алған әсерлері ықпалын тигізеді.
2018 жылы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 8,79 миллион адамды құрағанын айта кету керек, өсім 14 пайыздан асады. Сонымен қатар ішкі келушілер саны артты - өткен жылы 4,7 миллион ішкі турист болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. (Еск. - статистикада келушілердің жалпы саны ескеріледі, оның ішінде іскерлік мақсаттағы (іссапарлық), достары мен туыстарына келу мақсатындағы (VFR) және демалу мақсатындағы (leisure) келушілер ескеріледі).
Негізінен, қазақстандықтар сауықтыру және жағажай туризмін таңдайды. Жаз уақытында көпшілік Алакөл, Балқаш көлдерінің, Каспий теңізінің жағалауларына, Бурабай курорттық аймағына барады. Статистика бойынша, өткен жылы еліміздің курорттық аймақтарында 1 миллионнан аса қазақстандық тұрақтаған. Ұлттық парктерге барушылар саны 1 234 362 адамды құрады.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағында үш жұлдызды қонақ үйде таңғы ас қамтылған стандартты нөмірде жазғы кезде демалу құны бір ересек адамға 10 мың теңгеден 30 мың теңге аралығында болады. Көптеген отельдер жеңілдіктер ұсынады, ал 5 жасқа дейінгі балалар тегін демала алады. Сарыағаш курорттық аймағында бес рет тамақтанумен және емдеу бағдарламасымен стандартты нөмірде тұру бағасы 11-15 мың теңге аралығында. Алакөл жағалауында пансионы толыққанды демалыс базаларында бір нөмірдің құны 10-12 мың теңге аралығында.
Показать комментарии
Читайте также