16 маусым 2019 | 10:21

Оңтүстік Корея және КХДР шекарасында туристік бағыт ашылды

© Фокус.ua

Оңтүстік Корея солтүстік көршісімен шекаралас жерде туристік бағыт ашты, - деп хабарлайды "Хабар 24". "Бейбітшілік жолы" деп аталатын арна екі ел басшысының өткен жылғы кездесу күніне орайластырылып іске қосылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Корея солтүстік көршісімен шекаралас жерде туристік бағыт ашты, - деп хабарлайды "Хабар 24". "Бейбітшілік жолы" деп аталатын арна екі ел басшысының өткен жылғы кездесу күніне орайластырылып іске қосылды.

Саяхатшылар жолы шекарадағы қарусызданған аймаққа жақын жерде орналасқан. Жаңа туристік бағытпен дүйсенбі және мереке кездерінен басқа күндердің бәрінде серуендеуге болады. Айта кетейік, екі Корея елі 1953 жылдан бері уақытша соғысты тоқтату туралы жағдайда өмір сүріп келеді. Өткен жылы Пхеньянда екі елдің басшылары кездесіп, туризмді дамыту туралы келісімге келген болатын.

Реклама
Реклама

"Туристік бағыттың ашылғанына қуаныштымын. Бірақ соңғы уақытта екі елдің қатынасы қайта тығырыққа тірелді. Сондықтан осы мәселеге көңіл аудару керек деп ойлаймын. Солтүстік Кореяға емін-еркін барып қайтатын күн туатын шығар деп үміттенемін", - деді саяхатшы Нам Юн Хо.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная